Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Сырбар» Сыртқы барлау қызметі ҰҚК-мен біріктірілді

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сырбар» Сыртқы барлау қызметі қайта ұйымдастырылуы жөніндегі қаулыға қол қойды деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

«Сырбар» Сыртқы барлау қызметі ҰҚҚ-мен біріктірілді
Фото: today.kz: Facebook

Қаулы мәтінін назарларыңызға ұсынамыз:

Ұлттық қауіпсіздікті нығайту және барлау қызметін одан әpi жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 5 тармақшасына, «Қазақстан  Республикасының  Президентi туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабына сәйкес ұлттық қауіпсіздікті нығайту және арнаулы мемлекеттік органдардың құрылымын оңтайландыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосу арқылы Қазақстан Республикасының «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомствосы - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыртқы барлау қызметі (бұдан әpі - Қызмет) құрылсын.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті: 1) Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Қызмет туралы ереженің жобасын бекітуге ұсынсын; 2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.

4. «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 12-13,  116-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың тізбесінде: «Қазақстан Республикасының «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі» деген жол алып тасталсын.

5. Осы жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігіне және Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппаратына жүктелсін.

6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1800099-syrbar-syrtky-barlau-kyzmeti-kk-men-biriktirildi/

pixel