Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әруаққа сыйынатын ақтөбелік шенеунік кабинетіне "әулие" атасының суретін қойған

Опубликовано:

Ақтөбелік шенеунік басшылық қызметке тағайындалған күннен бастап атасының суретін тұмарындай көреді. Ол ел арасында әулиелігімен танымал атасының портретін кабинетіне дейін қойып алған деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әруаққа сыйынатын ақтөбелік шенеунік кабинетіне "әулие" атасының суретін қойған
Саян Сүлейменов. Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
«Менің атам Сүлеймен әулие Батыс Қазақстанға танымал кісі. Сынықшы, көріпкел, әулие болған. Үлкен адамдарды емдеген. Атамыздың сынықшылық қасиеті басым.

Ол сынықты қолмен ұстап салмаған. Оған адам «Сүлеймен әулиеге сыйындым» десе сынықтары жазылған.

Шығанақ Берсиев ауылындағы жерленген жерінде әулиелердің басындағыдай түнегей бар. Сол жерге адамдар әлі күнге ағылып жатады. Басына түнейді. Бала көтере алмай жүрген әйелдер көп барады.

Қазір атамызға сыйынып, жазылып кеткен адамдардың естелік кітабын шығарудамыз», - дейді Ақтөбе қалалық білім бөлімінің басшысы Саян Сүлейменов.

Шенеунік әр бастамасы сайын әруаққа сыйынатынын да жасырған жоқ.

«Ол кісі - менің тұмарым. 2003 жылы мектеп директоры болғанда осы суретті жасатып кабинетіме қойдым.

Қай жерде жұмыс алмастырсам да атамның суретін сүйенішім қылып алып жүремін.

Қиын кездерді сыйынамын. Жаңа істі бастарда, алыс жолға шығарда міндетті түрде әруағына сыйынып шығамын.

Осы Ақтөбе қаласына келердің алдында атамның басына барып, құран бағыштап келдім», - дейді ол.

Бұрын ауыл әкімі, мектеп директоры болған шенді көпбалалы әкелердің қатарында. Басшы алты баласын бір жалақымен асырап отыр екен.

«Өзім туралы көп айта бермеймін. Көпбалалы әке екенім рас. Алты баламның екеуі студент, үшеуі оқушы, кішкентайымыз балабақша жасында.

Әкем совхоздың жүргізушісі болған адам. Өзім жастайымнан еңбекке араластым. Қызмет жолым интернатта тәрбиеші болудан басталды.

Мұғалім, директордың орынбасары, мектеп директоры, Шығанақ Берсиев атындағы ауыл әкімі, аудандағы білім басқармасын 7 жыл басқардым.

Көпбалалы әке болған жақсы. Қиындық қай кезде де болады. Балаларды жеткізу оңай емес. Сол қиындықтардан шықтық. Жетіспейтін кездерден де өттік.

Қазір өзімнің жалақыммен отырмын. Жеткізіп жатырмыз», - дейді Саян Сүлейменов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1800125-ruakka-syjynatyn-aktbelik-seneunik-kabinetine-ulie-atasyny-suretin-kojgan/

pixel