RU
"Өртеп алыппыз": Жанды дауыста ағылшынша ән салған "Алашұлы" Медеуді шулатты
Жаңалықтар Калейдоскоп

"Өртеп алыппыз": Жанды дауыста ағылшынша ән салған "Алашұлы" Медеуді шулатты

Рассказать Вконтакте

Алматыдағы Медеу аренасында өткен халықаралық "Star of Asia" фестивалі кезінде сахнаға шығып, ағылшын тілінде өнер көрсеткен "Алашұлы" тобы кешке жиналған тыңдармандарды "шулатып", көңілін көтерді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Өртеп алыппыз": Ағылшынша ән салған "Алашұлы" көпшілікті шулатты

"Алашұлы". Фото: Instagram

Бұған дейін тек қазақша ән салып жүрген рухты жігіттер бұл жолы өздерін мүлде басқа қырларынан көрсетті.

Алматыда дүркіреп өткен кештен үзінді видеоны "Алашұлының" әншісі Мақсат Рахмет Instagram парақшасына жариялады.

"Кеше, байқамай Star of Asia-ны өртеп алыппыз", - деген жазба қалдырған топ солисі бейнежазба анықтамасына.

Айбек Серікханов есімді жас әншімен бірге жанды дауыста ағылшынша ән айтып, фестивальді жандырған "Алашұлы" алаңға жиналған қалың жұртқа керемет көңіл-күй сыйлап, қуаттандырып да жібергендей.

Ал желі қолданушылары болса аталған видеоға қатысты жылы лебіздерін білдіріп жатыр.

"Сіздер отсыздар ғой от, лап-лап етіп тұрған", "Базар жоқ, өнерлеріңіз лаулай берсін", "Керемет тек алға", "От болды ғой", - деп жазды бейнежазбаны көрген желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз
1
2
2
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel