RU

Қайығы аударылған 60 жастағы қария теңізде төрт күн бойы жүзіп жүрген

Малайзия тұрғыны Джон Лоу төрт күн және үш түн Оңтүстік Қытай теңізінде құтқару шеңберімен жүзіп жүрді. Қарияда өзімен бірге тек сөмкесі ғана болды деп хабарлайды Life.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Facebook/John Low
Фото: Facebook/John Low: Facebook

60 жастағы Джон Лоу дайвинг инструкторы болып қызмет етті.

Оның кезекті жұмыс күнінде Тиомон аралының маңында теңіздің қатты толқынынан қайығы аударылып қалған.

Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, қария есін жинап үлгергенше, су көлігі теңіз түбіне батып кетті. Джон Лоу сөмкесі мен құтқару шеңберін ғана алып үлгергені хабарланды.

Ол жағаға дейін жүзіп бармақ болған. Бірақ қанша тырысса да, қатты ағыс ашық теңізге қарай алып кетіпті.

Джон төрт күн бойы жалғыз, ас-сусыз теңізде жүзіп жүрді.

Ашық теңізде қалқып жүрген қарияны қасынан өтіп бара жатқан кеме қызметкерлері байқап қалып, құтқарған.

Джон Лоу төрт күн теңіздегі ең қиыны жалғыздық екенін атап өтті.

Оның сөзінше, әбден қиналған шағында жансыз заттармен әңгімелесе бастапты.

Бір жағынан қарияның жағдайы да мәз болмаған.

Ол терісі күнге әбден күйіп, киімі тиген сайын қатты ауырсынғанын алға тартты.

"Ашығаны басылсын деп, бетімді суға салатынмын. Бірақ қатты күйіп қалғаны сонша – 1000 инені қатар сұққандай сезілетін", - деп еске алады Джон.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, Джон Лоу өкпе инфекциясын жұқтырып, бүйрек қызметінің жеткіліксіздігіне ұшыраған, сондай-ақ денесінің барлық бөлігі күнге қатты күйіп қалды.

Қазіргі уақытта Малайзия тұрғыны толық жазылып, ауруханадан шыққаны айтылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1800133-kajygy-audarylgan-60-zastagy-karia-teizde-trt-kn-bojy-zzip-zrgen.html