RU

Қытай тілінде сөйлеген Тоқаев желі қолданушыларын таңғалдырды (видео)

Желіде Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қытай тілінде сөйлеген сәтінің видеосы пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Ролик Facebook желісіндегі Ернар Әкімқұловтың парақшасында жарияланды.

Мемлекет басшысының полиглот екендігі белгілі. Тоқаев бірнеше тілдерді жетік меңгерген. Соның ішінде қытай тілі де бар.

Sputnik Қазақстан-ның мәліметінше, бұл видео осыдан 3 жыл бұрын Қасым-Жомарт Кемелұлы Қытай халықаралық мәселелер институтында қонақ болғанда түсірілген.

Сол уақытта Тоқаев "Өзгеріп жатқан әлем: Қазақстанның көзқарасы" тақырыбында баяндама жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1800143-kytaj-tilinde-sjlegen-tokaev-zeli-koldanusylaryn-tagaldyrdy-video.html