RU
Ешкі бағатын сыныптасын "күлкі еткен" Нұрболат Абдуллин елге жақпай қалды (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ешкі бағатын сыныптасын "күлкі еткен" Нұрболат Абдуллин елге жақпай қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

Нұрболат Абуллиннің ешкі бағатын сыныптасын "келеке" еткен сәті желіге тарап кетті. Әншінің видеосы zhuldyzdy_news парақшасында жарияланған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұрболат Абдуллин. Фото: Әншінің жеке парақшасы, видеодан кадр

Нұрболат Абдуллин. Фото: Әншінің жеке парақшасы, видеодан кадр

Видеода әнші: "Ұлан деген сыныптасым бар менің. Мектепте оқып жүрген кезде ешкі бағатын. Әлі ешкі бағады", - деп күледі.

Ал желі қолданушылары Нұрболат Абдуллиннің бұл қылығын ұнатпай, қызу талқыға салған.

"Есесіне еңбек етіп жүр", "Жолдасын мазақ етіп... Сол да күлкілі ме?", "Онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын", "Күлме досқа, келер басқа", "Пешенеге не жазса, соны көресің. Одан аса алмайсың. Күлгенің ерсі көрінді".

"Өз жерлесін, сыныптасын келеке етіп не көрінді? Әлде ет жемейсің бе?", "Мынауың ұят", "Сіз жұлдыз болып туылмаған шығарсыз", "Бұл "мен байыдым. Ол әлі мен сияқты бола алмай жүр" деген сөзіңіз бе?",

"Мамандықтың жаманы жоқ. Ол да жұмыс. Отбасын адал еңбегімен бақса болды", - деп жазды желі қолданушылары.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Нұрболат Абдуллин елден жасырған келіншегін көпшілікке көрсеткен болатын.

Сіздің реакцияңыз
61
2
2
4
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel