RU

Қызметіне кіріскен жаңа министрлер адал жұмыс істеуге ант берді

Үкімет үйінде қызметіне жаңа кіріскен білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, сондай-ақ мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Қазақстан заңдарын қатаң ұстанып, ел игілігіне қызмет ету жөнінде ант етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі, ortcom.kz
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі, ortcom.kz: Facebook

Үкімет басшысы әріптестерін құттықтады. Өз кезегінде, Президенттің жарғысымен министр лауазымына тағайындағандар "Үкімет туралы" Конституциялық заңға сәйкес ант қабылдады.

"Қазақстан Республикасының халқы мен президенті алдында, өз Отаным – Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттік, азаматтық, ұлтаралық, конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қауымдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін", - деді олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1800162-kyzmetine-kirisken-zaa-ministrler-kimet-jinde-ant-kabyldady.html