RU

Қытайда болған жер сілкінісінен 11 адам қаза тауып, 120 адам жараланды (фото, видео)

Қытайда 5,9 балдық жер сілкінісі болды. Табиғат апаты салдарынан 11 адам қаза тауып, 122 адам жараланды деп жазады РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жер сілкінісінің 17 маусым күні жергілікті уақытпен 22:50-де орын алғаны хабарланды (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 20:50-де).

Табиғат апаты Сычуань мен Гуйчжой провинциясы арасында болған.

Сычуаньның Қытайдағы сейсмикалық аймақта қоныс тепкен өлке екендігі айтылды.

Әлеуметтік желіде жер сілкініс болған өңірдің суреттері жариялануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1800177-kytajda-bolgan-zer-silkinisinen-11-adam-kaza-tauyp-120-adam-zaralandy-foto-video.html