RU

ІІМ митингке шыққаны үшін қанша адам тұтқындалғанын хабарлады

Ішкі істер министрі Еран Тұрғымбаев үкімет үйінде 9 мен 10 маусымда санкцияланбаған митингке қатысқаны үшін төрт мыңға жуық адам тұтқындалғанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ІІМ митингке шыққаны үшін шындығында қанша адам тұтқындалғанын хабарлады
Фото:primeminister.kz: Depositphotos

Соның ішінде үш мыңға жуық азамат сағат 15:00 дейін босатиылған. 677 адамға әкімшілік тұтқындау шарасы қолданылса, 305 адамға айыппұл салынған.

"Маусымның 9 мен 13 аралығында Қазақстан қалаларында санкцияланбаған митингтер өтті. Бас прокуратураның ескертулеріне қарамастан, адамдар заң бұзды. Сондықтан полицейлер қақтығыстарды болдырмау мақсатында қауіпсіздік шараларын қолданды. Кейін Ұлттық әскер көмегіне жүгінуге тура келді", - деп түсіндірді министр.

Сондай-ақ министрдің сөзінше, полицейлерге арнайы құралдарды пайдаланбау бұйрығы берілген.

Журналистердің зардап шегуіне тоқталған министр, мамандарға арнайы айқындаушы белгілері бар төсбелгі, мен кеудеше тағуға кеңес берілгенін жеткізді. Бұл 10 маусымнан 11 қараған түні зардап шеккен журналистке қатысты екенін айтты.

"Сол түні бұзақылық әрекеттер орын алды. Адамдар бір сағатқа жолды жауып, ұрандарды айғайлады. Сол түні мыңға жуық азамат 102 нөміріне хабарласып, демала алмай жатқандарына наразалық білдірді", - деп сөзін қорытындылады Ерлан Тұрғымбаев.

Еске сала кетейік, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында 9 мен 10 маусым күні митингтер өтіп, әкімшілік жазаға 957 адам тартылды. Олардың ішінде 670 адам абақтыға қамалып, 115-іне айыппұл салынды, ал 172-і ескертілді.

Осыдан кейін президент Қасым-жомарт Тоқаев оқиға орнында кездейсоқ болып қалған кінәсіз адамдарды босату туралы Бас прокуратураға тапсырма берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1800189-iim-mitingke-sykkany-sin-kansa-adam-ttkyndalganyn-habarlady.html