RU

"Таспен, арматурамен ұрды": Митинг кезінде полицияға қалай шабуыл жасалған?

Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Үкімет отырысында 9 және 10 маусым күндері ірі қалаларда тіркелген халықтың митингтеріне қатысты пікірін білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Depositphotos

Министр митинг кезінде тәртіп сақшылары жарақат алғанын атап өтті.

"Бәрін де өздеріңіз көрдіңіздер. Видео мен фотода полицияға қалай шабуыл жасалып жатқанын, қалқандарды теуіп жатқанын, тартып, соғып жатқанын көрдіңіздер.

Негізінен көбісінде жеңіл жарақаттар. Бас ми жарақаты, жіліншіктің сынуы жағдайлары кездесті. Себебі, дене жарақаттары таяқтан, арматура мен тастан келіп жатты.

Кейбір азаматтар осыларды пайдаланып, жағдайды ушықтырғысы келді", - деді Ерлан Тұрғымбаев.

Министрдің сөзінше, полицияға арнайы құралдарды - газ қаруын, дубинка мен өзге де заттарды пайдаланбау туралы пәрмен берілген. 

"Қазақстандық полиция оларды қолданбады. Тек шиеленісті реттеу үшін физикалық күш пайдаланылды. 4 мыңға тарта адам ұсталып, 3 сағаттың ішінде 3 мыңы босатылды. 677 адам сот арқылы арқылы әкімшілік қамауға алынды. 305-не айыппұл салынды", - деді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1800201-trgymbaev-miting-kezinde-policiaga-trgyndardy-kalaj-sabuyldaganyn-ajtty.html