Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында тауға демалуға шыққан 25 жастағы жігіт қаза болды

Опубликовано:

Түркістан облысы Төле би ауданы Алатау ауылдық округі Біркөлік аумағында 15 маусым күні сағат 22.00 шамасында 1994 жылы туған жігіт пен 1997 жылы туған қыз бала жоғалып кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Бұл туралы 16 маусымда сағат 00.10-да 112 құтқару қызметінің пультіне хабарлама келіп түсіпті.

Демалушылар тобында 11 адам болған.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар күні-түні іздеп, тек кешкі жетілер шамасында жоғалып кеткен жігіттің өлі денесін тапты.

25 жастағы жігіт Біркөлік шатқалының тау аймағында 120 метр биіктіктен құлап, ағаш бұтақтарында ілініп қалған.  

Жоғалған 1997 жылы туған бойжеткен шатқалдан өздігінен түсіпті.

Қазіргі уақытта 22 жастағы қыз ауруханаға жатқызылды. 

"Іздестіру жұмыстарына Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының 9 құтқарушысы, Түркістан облысы Төлеби ауданы өтенше жағдайлар бөлімінің 14 қызметкері, жергілікті атқарушы органдары мен аудандық полиция бөлімінің 5 қызметкері, ҚР ҰҚК ШҚ №2041 әскери бөлімінің 4 қызметкері, 1 ит жұмылдырылды", - деп хабарлайды Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағы тауға шығар алдында міндетті түрде маршрутты ойластырып, топты тәжірибелі инструктор алып жүргені абзал деп ескертеді. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1800212-trkistan-oblysynda-tauga-demaluga-sykkan-25-zastagy-zigit-kaza-boldy/

pixel