RU

Асхат Аймағамбетов ҰБТ форматына қатысты пікір білдірді

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов үкімет отырысында биыл ҰБТ форматы өзгермейтінін мәлімдеді. Құжаттар тізімі, сұрақтар саны мен берілетін уақыт көлемі бұрынғыдай болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жаңа министр ҰБТ өзгеретініне қатысты пікір білдірді
Көрнекі сурет: Neonomad.kz: Facebook

Биыл тестілеу 169 пункте маусымның 20 мен 30 аралығында өткізіледі.

Осы жылы ҰБТ 117 мың 242 адам тапсырады. Оның 86 мыңнан астамы биылғы мектеп оқушылары (жалпы мектеп бітірген түлектердің 72%) және колледж мен былтырғы жылдың түлектері.

"ҰБТ өткізілуін қадағалау үшін аймақтарға БҒМ өкілдері аттанды. Тестілеу материалдары өңірлерге құпиялық деңгейінде жеткізілді. Орындарда мемлекеттік комиссиялар құрылды. Олардың құрамында құқық қорғау органдары, қоғамдық ұйымдар және БАҚ өкілдері бар. Олар жұмысқа әзір. Республикалық деңгейде және ҰБТ өткізетін әрбір орында апеляциялық комиссиялар ұйымдастырылды", - деді ол.

Аудиторияларға келер болсақ, оның сөзінше, олар ұялы байланысты 100% басу құрылғыларымен және видео бақылау камераларымен жабдықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1800216-ashat-ajmagambetov-bt-formatyna-katysty-pikir-bildirdi.html