Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Смайылов сауда және интеграция министрлігі не үшін құрылғанын түсіндірді

Опубликовано:

Қаржы министрі Әлихан Смайылов үкімет отырысынан кейін сауда және интерация министрлігінің құрылуына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлихан Смаилов. Фото: sn.kz
Әлихан Смаилов. Фото: sn.kz: UGC

Ол жаңа министрліктің құрылуын мемлекеттер арасындағы сауда-протекционистік соғыстың әлемдік аренада ғана емес, өңірлік деңгейде де көрініс тауып жатқанымен байланыстырды.

Министр "кейбір көрші елдердің белгілі бір тауарлар мен өндіріске қажетті шикізаттарға деген кедендік бажды төмендету шараларын өз өндірісін әлдеқайда бәсекеге жарамды ету үшін іске асыратынын жеткізді.

"Біз өтім нарығында қызу күрес жүріп жатқанын көріп тұрмыз. Бұл күрес одан бетер өршіп барады. Сол себепті бұл кезеңде аталмыш салада біздің саясатты әлдеқайда күшейту шешімі қабылданды. Бұл министрліктің құрылуының басты себебі осы. Қазақстандық тауарларды әлемдік нарықта жылжыту үшін саясатты күшейте түсіп, ішкі нарықты сапасыз испорттық тауарлардан қорғау шарасын жоғары деңгейге көшіруіміз қажет. Мәселе біздің сауда саясатымызға және қазақстандық экономиканың әлемдік экономикадағы болашақ интеграциясына бағытталған саясат аясында өрбімек" , - деді ол журналистерге.

Оған қоса, Смайыловтың мәліметінше, жаңа министрліктердің құрылуына орай шенеуніктер санын көбейту мәселесі жоспарда жоқ.

"Менің түсінігімше, шенеуніктер санын көбейті жоспарланып жатқан жоқ. Себебі, қызметтер бөлініп берілмек" , - деді министр.

Айта кетейік, күні кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда жаңа сауда және интеграция министрлігі құрылғанын хабарлаған болатын.

Құзырлы мекемені бұған дейін Нұр-Сұлтан әкімі қызметінде болған Бақыт Сұлтанов басқарды.

Жаңа министрлікке ұлттық экономика министрлігінің ішкі және сыртқы сауда, сауданы дамыту қызметтері берілмек. Оған қоса, жаңа орган индустрия мен инфрақұрылымдық даму министрлігінің техникалық реттеу комитеті мен сыртқы істер министрлігінің экспортты жылжыту және дамыту қызметтерін атқармақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1800218-smajylov-sauda-zne-integracia-ministrligi-ne-sin-krylganyn-tsindirdi/

pixel