RU

Аймағамбетов: Біз ҰБТ тапсырушы балаларға адам сияқты қарауымыз керек

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов үкімет отырысында Ұлттық бірыңғай тестілеуде тапсырғалы отырған түлектерге бірқатар кеңес берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Асхат Аймағамбетов. Фото: Білім және ғылым министрлігі
Асхат Аймағамбетов. Фото: Білім және ғылым министрлігі: Depositphotos
"Тексеру кезінде міндетті түрде тәртіп болуы тиіс. Бірақ әріптестеріме, білім және ғылым министрлігінің өкілдеріне, мектептер мен жоғарғы оқу орындарына емтихан тапсыратын түлектерді cыпайы қарсы алуды ескертемін.
Балаларға өте мейірімді болу керек. Бізде әдетте қалай болады: балалар сол күні ерте тұрады, содан олар ҰБТ тапсыратын орынның алдында күнге күйіп, емтиханның басталуын күтеді.
Жай ғана түлектер үшін жақсы жағдай жасалуы керек. Егер оқушылар емтихан бөліміне ерте келсе есік сол уақытта ашылуы керек. Оларды ішке кіргізіп, суын берген жөн", - деді Аймағамбетов.

Министр Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырғалы отырған түлектер мен олардың ата-аналыран ақылын айтты.

"Түлектер мен ата-аналарға айтарым: ең бастысы - уайымдамау керек. Адам өзімен бірге "шпаргалка" немесе ұялы телефон алып жүрсе, ең алдымен, өзінің мазасы кетеді. Ең біріншіден, "аудиторияға оны қалай кіргізем" деп басы қатады. Содан кейін "мені байқап қалмас үшін оны қалай пайдалансам болады" деп миы ашиды. Ол да уайым. Мұндай ойлар ешқашан сергуге көмектеспейді. Сол себепті, менің ойымша, өзіңе сенген дұрыс. Тест бойынша емес, бағдарламалық материалмен дайындалған абзал. Себебі, бұл өте маңызды. Өз тәжірибем бойынша білемін. Барлық ата-аналар мен мектеп түлектеріне сәттілік тілеймін", - деді Асхат Аймағамбетов.

Еске сала кетсек, Асхат Аймағамбетов ҰБТ форматына қатысты пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1800231-ajmagambetov-biz-bt-tapsyrusy-balalarga-adam-siakty-karauymyz-kerek.html