RU
Әбунасыр Серіков Шырын Нарчаевамен болған жанжал туралы бар шындықты айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Әбунасыр Серіков Шырын Нарчаевамен болған жанжал туралы бар шындықты айтты

Рассказать Вконтакте

Әбунасыр Серіков Шырын Нарчаевамен арада болған даулы оқиға туралы бар шындықты жайып салды. Отандық актер атышулы жас қызбен бір фильмде түсуден не себепті бас тартқанын айтып, жанжалдың мән-жайын ашып берді деп жазады "Хит-Тв" арнасының "Хедлайнер" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр/Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр/Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Түсірілім алаңындағы жанжалдың видеосы желіде тарап, ел арасында қызу талқыға түскен. Серіковтың төсін жалаңаштап танылған арумен ұрысқан бейнежазбасын көпшілік пиар үшін жасалды деп сөгіп те үлгерді.

Кейбір оқырмандар тіптен, актер аталмыш фильмге түсуді жалғастырғанын да айтып, оны аяусыз сынап жатты. Алайда, комедия жанрының майталманы халық арасындағы қауесеттердің барлығына нүкте қойып, оқиғаның шын мәнінде қалай болғанын түсіндірді.

Анықталғандай, ол ақыр-соңы ол фильмге түспей қойған.

"Соңына дейін екі күн қалған кезде, мен ол қызбен түстім. Алдында ол қызды таныған жоқпын. Сосын мен оны танығаннан кейін, кім болса да мен оған қарындасым ретінде айттым: "Мына істеп жүргенін не? Ертең сексенге келген кезде ұрпақтарың не дейді? Көрсетіп тұрғаның не?" дедім.
Ақыл айтқан сайын, кейбіреулер түсінбейді ғой. Продюсерлер мен режисерларға қалған екі күн түспейтінімді айттым. "Қалай монтаж жасайсыңдар өздерің білесіңдер" деп кетіп қалдым. Ол видеоны кім түсіріп алғанын да білмеймін. Бір жағынан ораза кезі болды. Ол қызға қатты айтып қойған шығармын" , - деді актер.

Айта кетейік, бұған дейін Әбунасыр Серіков Нарчаевамен бір киноға түсуден бас тартып, түсірілім алаңынан кетіп қалғанын жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
5
2
0
2
1
48
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel