RU
Бауыржан Сатов жұбайы Альбинаның мерзімінен бұрын босанғанын айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Бауыржан Сатов жұбайы Альбинаның мерзімінен бұрын босанғанын айтты

Рассказать Вконтакте

Жақында ғана қызды болған Бауыржан Сатов сәбиінің дүниеге келуі туралы айтып берді. Белгілі болғандай, актердің сүйген жары Альбина Шардарова мерзімінен бұрын босанып қалған. Соған байланысты ерлі-зайыптылардың алдын ала дайындаған барлық жоспары іске аспаған деп жазады "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жас ата-ана өмірлеріндегі аса қуанышты күн қалай өткенімен бөлісіп, қызына қандай есім бергенін айтты.

"Екеуміздің де денсаулығымыз жақсы. Аллаға шүкір. Екі апта, он күндей асықпай жүргенбіз.

Әлі уақыт бар деп жүрдік. Бірақ, қызымыз өмірге тезірек келгісі келген болар.

Атына келетін болсақ, барлығымыз отбасымызбен ақылдасып, мұсылманша ат қою туралы арнайы кітап та сатып алдық.

Ішінен таңдап, әрі нәзік әрі мағынасы да қыз балаға сай болсын деп есімін Жасмин қойдық" , - деді Альбина Шардарова.

Бауыржан Сатов өз кезегінде сәбиімен алғашқы кездесуі туралы айтып, қызы өзінен айнымай қалғанын жеткізді.

"Дәрігерлер жоспары бойынша бір апта кейін туу керек болған. Сол күні мен жұмыстармен кездесулерде жүрдім. Альбина хабарласып, басталғанын айтты.

Бәрін тастап, үйге ұштым. Жол-жөнекей дәрігеріне хабарластым. Ақыры үш-төрт сағатта өзі босанды. Дәрігерлер бәрі мақтап оны.

Анам кіру керек болған, бірақ жұмыс бабымен Атырау қаласына кетіп қалған болатын.

Бөбекпен алғашқы кездесуім кезінде Альбина оны кеудесіне алып жатыр екен. Кіріп, не істерімді білмедім. Келіншегіме қарап отырдым. Маған ұқсайды қызым. Бәрі де солай айтып жатыр. Мұрын менікі, ерні менікі" , - деді жас әке.

Айта кетейік, бұған дейін Бауыржан Сатов пен Альбина Шардарованың қызды болғанын хабарлаған болатынбыз. Жас әке әйелі мен қызын перзентханадан дүркірете алып шыққан.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel