Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Нұртастың ең үздік әндері мен бейнебаяндары

Опубликовано:

Әнші Қайрат Нұртас өзінің өнер жолын кішкентай күнінен бастаған. Хитмен 2013 жылдан бастап халықтың сұранысына ие болып, сүйікті әншісіне айналды. Сондай-ақ әнші бірнеше фильм түсіріп те үлгерген. Оның көпшілік сұранысына жиі ие болатын әні қайсысы?

Хитменнің бірнеше жылдар ішінде танымал болған әндерін назарларыңызға ұсынамыз.

Ол сен емес

Әнші бұл туындысында сүйіктісін сағынған ғашықтың әнін орындайды.

Ал бейнебаянда кейіпкер көшеде кездестірген аруды бір көргеннен сүйіп қалады. Жігіт бойжеткенге гүл алған сәтте, қыз көзден ғайып болған.

Жұбатуға арналады бұл әнім

Қайрат Нұртастың тегін концерттерінің бірінде тыңдармандары шу шығарып, сахнаға тұра жүгіреді. Осы оқиғадан кейін біраз уақыт өткенде әнші көпшілікке "Жұбатуға арналады бұл әнім" атты туындыны ұсынды.

Сағынсам қалай шыдаймын

Қайрат Нұртастыңкез-келген туындысы тыңдарманын өзіне баурап алады.

Ал әншінің "Сағынсам қалай шыдаймын" клипінде де, кейіпкер бір қызбен танысып, ұнатып қалады. Алайда бойжеткеннің өзгеде көңілі барын білген азамат оны тек алыстан бақылап жүруге мәжбүр болады.

Өкініш

Қайрат Нұртастың бұл бейнебаяны "Өкініш" фильміне саундтрек ретінде түсірілген.

Клипте әнші сүйгенімен саяхаттап жүрген жігіттің рөлін сомдайды.

Мазала

Бұл бейнебаян басталған сәтте әнші ақ көйлекті қалыңдықпен билеп жүреді. Көпшілік алғашында әншіні клиптен күйеу жігіт ретінде көргенімен, сәлден соң эфирге тойдың шын иесі келеді.

Алайда хитмен той бойы қиялға ерік беріп, ойша қалыңдықпен вальс билеуін жалғастырған. Ал шын мәнінде ақ көйлекті ару бұл сәтте өз ғашығымен құшақтасып отырады.

Аңсайды жаным

Қайрат Нұртасқа лирикалық жанрдағы әнді орындау үнемі сәттілік алып келеді. Әншінің осындай туындыларының бірі - "Аңсайды жаным".

Хитмен бейнабаянда жаңа туынды жазу мақсатында ақ рояльдің жанында отырады. Алайда оның бұл ісінен түк шықпаған сәтте, көмекке жұбайы келеді. Ал бейнебаянның соңында жұбайлар қол ұстасып, кадрдан бірте-бірте алыстай береді.

Сен мені түсінбедің

Бұл танымал туындыны әнші Жанар Дұғаловамен бірге орындаған.

Жұлдыздар бейнебаянда ғашықтардың рөлін ойнап, клип соңында бірге сахнаға шығады.

Байқа

Өнер иесі "Байқа" бейнебаянында бойжеткенді жабық кешке алып келеді. Ал бұл кеште қонақтардың барлығы бетіне маска киіп, өзіне ұнаған адамды жұп ретінде таңдауы тиіс.

Бейнебаян соңында әнші аруды құтқару үшін онымен бірге кештен қашып шығады.

Алматы түні

Қайрат Нұртас Алматының түндері жайлы әнін Ресейдің танымал әншісі Нюшамен бірге орындаған.

My Universe

Қайрат Нұртас інісі Заңғар Нұртаспен бірге ағылшын тілінде дуэт орындады. Хитмен көпшіліктің қызу талқысына түскен әнді 2018 жылы жарыққа шығарады.

Алайда жұрт әншінің туындыда жіберген ағаттықтарын айтып, клипті қызу талқыға салған.

Егер сіз Қайрат Нұртастың тыңдарманы болсаңыз, әнші жайлы тың жаңалықтардан қапы қалмаңыз. Сондай-ақ өнер иесінен алдағы уақытта хит әндер күтіңіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1800250-kajrat-nrtasty-e-zdik-nderi-men-bejnebaandary/

pixel