Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қалаулымдық жігіт пәктігін саудалаған қызды жақтаған әзілкешке қарсы шықты (видео)

Опубликовано:

"Қалаулым" бағдарламасының қатысушысы Бердах Бекетов арын екі миллионға саудалаған қызды жақтап шыққан Нұрболхан Шараповқа қарсы шықты. Ол атышулы бойжеткенді әшкерелеп, танымал әзілкешті бұл жағдайды ушықтырғаны үшін сынға алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Бердах Бекетов ел арасында қызу талқыланған жанжал мен оған қатысы бар әзілкеш туралы ойын видео үндеу арқылы білдірген.

Instagram парақшаларында тарап кеткен бейнежазбада қалаулымдық жігіт даулы оқиғаға қатысты ойын ортаға салған.

"Бұл видеоны жайдарманшы Нұрболхан Шараповқа жолдаймын. Нұрболхан жалпы екі миллионға арын сатамын деген қазақ қызын қорғап, бүкілін даттап алып шығып едің. Халықтың ықыласына бөленіп, халық сені жақтап жатыр еді.

Қарап отырсаң, сол қыз оразаның қақ ортасында жартылай жалаңаш суретін салып, санын жалтыратқан. Енді Алланың алдында оны қалай ақтап алатыныңды көрейік. Содан соң, Instagram парақшаңа көзім түсіп кетті. Қазақтың ибалы да инабатты қыздарын екі жүз теңгеге теңепсің. "Сосын бұл екі жүз теңге жыртылады. Артынан скочталып тағы біреуге өтіп кетеді ғой" депсің. Сенің қандай хақың бар бүкіл қазақтың қыздарына топырақ шашуына? Сен кім едің?

"Жайдарман" ойындарында да қазақ қыздарын сөз еткенсің. Сенің мықтылығың осы ма? Қазақтың қыздарын жерге сүріп, аяғыңмен таптап, одан соң ақтаймын дегенің? Одан кейін ақтаудың еш қажеті жоқ. Өзің таптадың. Оған қоса, қазақтың қаракөз кішкентай ботақан құлыншақтарының намысына тигенсің. "Түрің онша емес, шошқасың" деген сияқты әңгімелер айттың" , - дейді Бердах Бекетов.

Сонымен қатар жас жігіт Нұрболхан Шараповты жақтайтын жандарға да тоқталған.

"Бір нәрсені ұмытпашы Нұрболхан, сен Зеленский емессің" , - деп түйіндеді қалаулымдық жігіт.

Арын екі миллионға сатпақ болған ару (ортадағы сурет - бағдарлама кезі, қалғаны - бағдарламадан кейін). Фото: Instagram/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Арын екі миллионға сатпақ болған ару (ортадағы сурет - бағдарлама кезі, қалғаны - бағдарламадан кейін). Фото: Instagram/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Getty Images

Айта кетейік, бұған дейін Нұрболхан Шарапов отандық бағдарламада пәктігін екі миллионға сататынын айтуға мәжбүр болған қыздың оқудан шығып кеткенін айтқан болатын.

Танымал әзілкеш бағдарлама ұжымына шүйлігіп, ұлттың мәселесін қозғауға кеңес берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1800252-kalaulymdyk-zigit-pktigin-saudalagan-kyzdy-zaktagan-zilkeske-karsy-sykty-video/

pixel