RU

Полковник, самбодан чемпион: Президенттің жаңа кеңесшісі туралы не білеміз?

Бүгін Мақсат Сқақов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Осыған дейін ол Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: elitar.kz
Көрнекі фото: elitar.kz: Twitter

Мақсат Сқақов 1978 жылы Қызылорда облысы Тоқмағанбетов ауылында дүниеге келген.

Ол Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін тарих, құқық негіздері және экономика пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп, кейін Қарағанды мемлекеттік университетінде "Мемлекеттік жене жергілікті басқару" мамандығы бойынша білім алған.

2011 жылы АҚШ-тағы Йоркск университетінде философия докторантурасын тәмәмдаған.

Сқақов өз мансабын ішкі істер органдарынан бастап, кейіннен президент күзет қызметінің қызметкері атанды.

Сонымен қатар, ол Білім және ғылым министрлігінде, Мәдениет және ақпарат министрлігінде, Дербес сауда-кәсіпкерлік палатасында, ҰҚК-да қызмет етті.

Бүгінде президенттің штаттан тыс кеңесшісі болған Сқақов премьер-министрдің кеңесшісі қызметін де атқарған.

Сондай-ақ, түрлі медальдармен, граматалармен марапатталған. Ол ҚР ҚК әскери самбодан чемпион, самбо мен дзюдодан халықаралық санаттағы спорт шебері. Сондай-ақ, Сқақов та полковник шені де бар.

Президенттің штаттан тыс кеңесшісі үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр. Ол қазақ, орыс, араб және ағылшын тілдерін меңгерген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1800257-polkovnik-sambodan-cempion-prezidentti-zaa-keessisi-turaly-ne-bilemiz.html