Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көшеде жүріп, жата салу емес": Шахизада әнші сіңлілеріне қандай кеңес беретінін айтты

Опубликовано:

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Шахизада өнердегі әнші сіңлілеріне көпбалалы ана болуға кеңес беретінін жайып салды. Қызығы, жалғызбасты әнші оларға күйеусіз-ақ бала таба беру керек деп ақыл айтқан деп жазады "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Шахизада өзінің тек бір ұлдың анасы болғанына өкінетінін жеткізді. Әнші көпбалалы отбасын құруды қалағанын айтады.

"Арманым көпбалалы ана болу болған. Өкінішке орай, ұлымның әкесімен айырылысып кетіп, мен таза өнерге кетіп қалдым. Тағы да ана болуға уақытым болмады. Екінші жолдасымнан көтердім. Бірақ, үш ай болғанда ішімде өліп қалды" , - деп жан сырын ақтарды ол.

Осыған байланысты, эстрада жұлдызы шоу-бизнестегі сіңлілеріне өзінің қателігін қайталамауды ескертіп, әпкелік кеңесін берген.

"Әнші сіңлілерім бар бір баламен келе жатқан. Соларға мен айтамын. Ұнаса да, ұнамаса да мен айтамын. Мен сияқты болмаңдар деймін. Мысалы, мен қателесіппін өмірде бір баламен. Сол сиқяты қателеспеңдер деп жүремін. "Тағы бір-екеуін туып алсаңдаршы. Аллаға шүкір жолдастарың бар, әкесі бар ғой" деп ақылымды айтып жатамын.
Енді құдай күйеу бермесе, сен ана болуға тиістісің. Сенің табиғатың, сен ана болуың керек. Алла тағала солай жаратқан бізді. Қалай болғанда да ана болуымыз керек. Енді ол көшеде жүріп, біреумен жата салу емес қой. Оны барлығын жоспарлау керек. Өз жолдарын іздесе мен жалғызбасты әйел болмайды деп ойлар едім" , - деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1800262-ksede-zrip-zata-salu-emes-sahizada-nsi-sililerine-kandaj-kees-beretinin-ajtty/

pixel