RU

Шымкентте жыланмен суретке түспек болған жеткіншек ауруханадан бір-ақ шықты

Шымкенттік гипербариялық оттектеу бөліміне жаз басынан бері улы жәндіктер мен жорғалаушылардан жапа шеккен тоғыз науқас түсіпті. Солардың бірі 16 жастағы жасөспірім. Ол жыланмен суретке түсемін деп ауруханадан бір-ақ шыққан. Бұл туралы Отырар арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Шымкентте жыланмен сүретке түскен жеткіншек ауруханадан бір-ақ шықты
Көрнекі фото: kompravda.eu: Facebook

Азат бауырымен жорғалаушыны тауда кездестірген.

"Қолымда фотоаппарат болған. Оны суретке түсірмек болып, мойныма салдым, сол кезде ол мені қолымнан шағып алды. Енді міне, ауруханада жатырмын", - дейді Азат.

Одан басқа ауруханада қарақұрт шаққан алты адам және жыланнан зардап шеккен үш адам жатыр. Осы орайда мамандар аяқ-кимге мән беру керектігін айтады.

"Көкке шыққан кезде жабық аяқ киім киген дұрыс", - дейді токсикология бөлімінің меңгерушісі Асылхан Мыңбосынов.

Биыл маусым айының басынан бері құтқару қызметіне тұрғында 26 мәрте жүгінген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда едәуір жоғары екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1800270-symkentte-zylanmen-surtke-tspek-bolgan-zetkinsek-auruhanadan-bir-ak-sykty.html