RU
Ұлының әкесімен ажырасқан Шаһизада өзегін өртеген өкінішін айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ұлының әкесімен ажырасқан Шаһизада өзегін өртеген өкінішін айтты

Рассказать Вконтакте

Отандық әнші Шаһизада өзегін өртеген өкінішін айтып, құпиясымен бөлісті. Әнші 24 жасында ана атанған соң, алғашқы күйеуінен ажырасып кеткен деп жазады "31" арнаның "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Шаһизада. Фото: Әншінің жеке парақшасынан

Шаһизада. Фото: Әншінің жеке парақшасынан

Әншінің айтуынша, ол көпбалалы ана атануды армандаған.

"Ұлым дүниеге келгенде жаста болдым. Оның үлкен азамат болатынына сенімді болдым. Өйткені ірі, 4 келі 300 грамм болып туды. Арманым көпбалалы ана болу еді. Өкінішке орай ұлымның әкесімен ажырасқаннан кейін, өнерге кеттім.
Тағы да ана болуға уақытым болмады ма... Жалғыз болғаннан кейін жүгіру керек қой. Тағы да бір бала туып алу ойымда болған жоқ қой. Жалғыз баламен қалған себебім сол шығар.
Мен екінші жұбайымнан бала көтерген болатынмын. Алладан күні-түні сұрап жүрген сәбиім, үш айында ішімде шетінеп кетті. Ал енді қазір келініме "Ешқандай тоқтама" деймін. Өйткені балам "жалғыз балаңызбын ғой" дегенді көп естідім. Қазір екі баласы бар түсінеді. Құдай беріп жатса, бірнеше бала туған дұрыс екен", - деп Шаһизада ағынан жарылды.

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше әнші әріптес сіңлілеріне көпбалалы болуға кеңес беретінін жеткізген болатын.

Сіздің реакцияңыз
3
1
2
2
0
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel