RU
"20 жыл бойы жинаған": Атыраулық зейнеткердің пәтерінен 30 тонна қоқыс шықты (фото)

"20 жыл бойы жинаған": Атыраулық зейнеткердің пәтерінен 30 тонна қоқыс шықты (фото)

Рассказать Вконтакте

Атырауда көпқабатты үйлердің бірінде тұратын тұрғындар пәтерлерінде тышқандар қаптап кеткенін айтып, дабыл қақты. Бұл мәселеге қатысты жергілікті әкімдікке жүгінген олар кеміргіштердің күрт көбейіп кетуіне көршілері себеп болғанын анықтады деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: facebook.com/atyrauakimat

Фото: facebook.com/atyrauakimat

Анықталғандай, аталмыш үйде 20 жыл бойы қоқыс жинап келген әйел адам тұратын болып шықты. 60 жастағы зейнеткердің пәтеріндегі қалдықтар уақыт өте шіри бастаған.

Қоқысқа лық толы пәтерде пайда болған тышқандар көбейіп, көрші пәтерлерге де көше бастаған.

Фото: facebook.com/atyrauakimat

Фото: facebook.com/atyrauakimat

Атырау әкімінің тапсырмасымен арнайы жұмыс комиссиясы құрылған. Комиссия мүшелері 60 жастағы әйелдің екі бөлмелі пәтерде бір өзі тұратын, еш жерде жұмыс істемейтінін анықтады.

Сонымен қатар пәтер иесінің бірде-бір құжаты мен өмір сүруге қаржысы да болмаған. Ол қалдықтарды үйінің маңындағы қоқыс тастайтын жерден әкеліп жүрген.

Фото: facebook.com/atyrauakimat

Фото: facebook.com/atyrauakimat

Нәтижесінде зейнеткер қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығына орналастырған.

Ол жерде тұрғынға қажетті медициналық көмек көрсетіліп, әйел адамға зейнетақы алуы үшін тиісті құжаттарын қалпына келтіруге жәрдем берілмек.

Фото: facebook.com/atyrauakimat

Фото: facebook.com/atyrauakimat

Пәтерді қоқыстан тазарту үшін он жұмысшы мен үш КамАЗ көлігі қажет болды. Үйден шамамен, 30 тонна қоқыс шығарылған.

Сіздің реакцияңыз
5
9
3
5
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel