Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аты аңызға айналған боксшы Рой Джонс Қазақстанға келеді

Опубликовано:

Бокста аты аңызына айналған кіші Рой Джонс жақын арада Қазақстанға ұшып келуді жоспарлап отыр. Ол елімізде фильмнің түсіріліміне қатыспақ. Бұл туралы әлемнің экс-чемпионы Риа Новости-ге берген сұхбатында айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: boxingnews24.com
Фото: boxingnews24.com: Instagram

Кіші Рой Джонс түрлі салмақ дәрежесі бойынша әлемнің бірнеше дүркін чемпионы. Одан бөлек, спортшы муызкалық мансабын қалыптастырып, фильмдерге түсіп жүр.

Жақын арадағы жоспарларымен бөліскен спортшы келесі айда фильмге түсу үшін Қазақстанға келуді жоспарлап жүргенін айтты.

"Келесі айда Қазақстанға ұшамын. Онда фильмге түспекпін. Бір лагерьдегі соттың рөлін ойнаймын. Ал түсірілім орны соғыстан зардап шеккен сириялық қалаға ұқсас болмақ", - дейді кіші Джонс.

Боксшы дәл қандай фильмген түсетіні жайлы тіс жармады.

Сонымен қатар, Рой музыкалық мансабындағы жоспарларымен бөлісті.

"Қазір Body Head Bangerz тобымызбен ән табақ жазып жатырмыз, жаздың соңында дайын болады деген үміттемін", - дейді ол.

Айта кетейік, бес салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы атанған, Олимпиада ойындарында күміс жүлде иеленген кіші Рой Джонс өзінің бокстағы мансабын аяқтаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1800277-aty-ayzga-ajnalgan-bokssy-roj-dzons-kazakstanga-keledi/

pixel