RU
Басы дауға қалған Мұрат Құсайыновтың үстінен қылмыстық іс қозғалды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Басы дауға қалған Мұрат Құсайыновтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Рассказать Вконтакте

Осы жылдың көктемінде Нұр-Сұлтан әуежайындағы әрекеті үшін басы дауға қалған "Дос-Мұқасан" тобының солисі Мұрат Құсайыновтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы елордалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: instagram.com/dos_mukasan

Фото: instagram.com/dos_mukasan

Сотта хабарлағандай, аты аңызға айналған ансамбльдің солисі билік өкіліне тіл тигізген. Қазіргі уақытта сот алды тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Басты сот талқылауы Есіл аудандық сотында 20 маусым күні өтеді.

Айта кетейік, осы жылы сәуір айының ортасында Мұрат Құсайынов жайсыз жағдайға тап болды.

Нұр-Сұлтан-Алматы бағытындағы ұшаққа отырған ол "Эйр Астана" қызметкерлерімен сөзге келіп қалған. Әуе кемесі қызметкерлерінің бірі әнші өзіне қол көтергенін айтқан.

Ал музыканттың өзі барлық айыптауларды жоққа шығарып, аяқ киім шешуді талап еткені үшін қызға ұрысып тастағанын алға тартты.

Мамыр айында әртіске 12 мың теңге көлеміндегі айыппұл салынды.

Сіздің реакцияңыз
13
1
0
2
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel