RU

Air Astana Делиге қайта ұшатын болды

"Эйр Астана" әуекомпаниясы Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығыстар салдарынан тоқтатқан рейстерін қайта ұшыратын болды. 29 маусымнан бастап жолаушылар Үндістан астанасына ұша алады деп хабарлайды тасымалдаушының баспасөз қызметіне сітеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Air Astana Делиге қайта ұшатын болды
Көрнекі фото: inbusiness.kz: Facebook

Жанжалдасушы тараптардың әуе дәліздері жартылай ашылды, сондықтан рейстерді қайта ұшыру мүмкін болды. "Эйр Астана" аптасына төрт рет: сейсенбі, бейсенбі, сенбі және жексенбі күндері ұшатын болады.

Компания өкілдері дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндерге билет алған жолаушылар әуе компаниясының брондау және ақпараттандыру орталықтарына немесе билет алған жерге барып, оларды айыппұлсыз қайтара немесе қайта брондай алатындарын жеткізді.

Айта кететін жайт, Қазақстан астанасынан Делиге рейстер маусымның аяғына дейін ұшырылмайды.

Еске сала кетейік 27 ақпанда Пәкістан Үндістанның екі әскери ұшағын, ал Үндістан олардың бір ұшағын атып құлатқаны хабарланды.

Осыдан кейін БАҚ Үндістан мен Пәкістан арасында соғыс басталуы мүмкін екенін жазды.

Екі ел арасындағы әскери-саяси жағдайға байланысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі де мәлімдеме жасады.

Ақпанның соңында Air Astana Делиге ұшатын рейстердің барлығын тоқтатқанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1800292-air-astana-delige-kajta-satyn-boldy.html