RU

Қайта құрылған министрлікті басқаратын Асқар Жұмағалиев туралы не білеміз?

Бүгін, 18 маусым күні мемлекет басшысы Асқар Жұмағалиевты қайта құрылған цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі етіп тағайындады. Жаңа министр жайлы қызықты деректерді KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Фото: Премьер-министрдің сайты
Фото: Премьер-министрдің сайты: Facebook

Ашық дереккөздердегі ақпараттарға сүйенсек, Асқар Қуанышұлы 1972 жылы Орынбор облысында дүниеге келіп, Свердлов Суворов әскери училищесінде оқыған.

Кейін Харьков жоғары әскери командалық инженерлік зымырандық әскерлер училищесіне түсіп, КСРО ыдырағаннан кейін Алматыдағы Қазақ ұлттық техникалық университетіне ауысады.

Одан соң Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітіріп, Лозаннадағы Швейцария Федералдық технологиялар институтында электрондық басқару бойынша магистр дәрежесін алады.

Еңбек жолын 1996 жылы "Жарық" компаниясының бас директоры болып бастаған.

Бірнеше жылдан кейін ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде сектор меңгерушісі қызметін атқарды.

Келесі жылдары көлік және коммуникация министрлігінде, байланыс және ақпараттандыру комитетінде, Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінде әртүрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

Ал 2006 жылы "Қазақтелеком"АҚ басқарды.

2010-2012 жылдар аралығында Байланыс және ақпарат министрі болып жұмыс істеді. 2012 жылғы қаңтардан бастап Көлік және коммуникация министрі қызметіне тағайындалды.

2014 жылдың наурыз айында Жұмағалиев байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы болды. Ал осы жылдың жазында Инвестициялар және даму вице-министрі атанды.

2005 жылы ол "Қазатомөнеркәсіп "ҰАК" АҚ Басқарма төрағасы болып жұмыс істеді.

2018 жылғы желтоқсаннан бастап премьер-министрдің орынбасары - Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметін атқарды.

Ал осы жылдың ақпан айында ол Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметіне келді.

Асқар Жұмағалиев үйленген, екі баласы бар. Бірқатар мемлекеттік марапаттарға ие.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1800321-kajta-krylgan-ministrlikti-baskaratyn-askar-zmagaliev-turaly-ne-bilemiz.html