RU

Ақтөбеде тапа-тал түсте тапаншамен қаруланған екі жігіт 43 Iphone ұрлаған (фото)

Ақтөбеде тапа-тал түсте тапаншамен қаруланған екі жігіт 43 Iphone ұялы телефонын қолды еткен. Полиция қызметкерлері күдіктілерді екі сағаттың ішінде ұстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Оқиға бүгін, 18-ші маусымда таңғы сағат 09:20-шамасында тіркелген.

"Ақтөбе қаласының Шернияз және Уәлиханов көшелерінің қиылысында орналасқан ұялы телефон дүкеніне қарақшылық шабуыл жасалды. Екі белгісіз адам медициналық бетперде киіп, біреуі пышақпен, екіншісі тапаншаға ұқсас қарумен дүкенге кірген. Олар дүкен қызметкерлерін қорқытып, ұялы телефондарды алып кеткен", - деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Күдіктілер қаладағы "Мәдениет" сауда үйі маңындағы көп қабатты үйлердің бірінің ауласынан ұсталған.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Ұрланған заттар "Датсун" маркалы авткөлігінің жүк салғышынан табылды.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Қолға түскен 20 және 22 жастағы күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 192- бабы "Тонау" бойынша сот алды тергеу амалдары басталды.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1800330-aktbede-tapa-tal-tste-tapansamen-karulangan-eki-zigit-43-iphone-rlagan.html