RU
Шөкеев ұзақ жылдар бойы қызметте отыратын шенеуніктер туралы айтты
Жаңалықтар Қоғам

Шөкеев ұзақ жылдар бойы қызметте отыратын шенеуніктер туралы айтты

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ұзақ жылдан бері қызметінен қозғалмай отырған шенеуніктерге қатысты пікір білдіріп, қызмет деген ұғымды қалай түсінетінін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының құрылғанына бір жыл толуына орай журналистермен кездесіп, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндама жасады.

Кейін тілшілер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

"Бір басшының ұзақ жылдар бойы бір қызметте отыруы сыбайлас жемқорлықтың орын алуына әкеп соқпай ма?" деген сұраққа облыс әкімі жауап берді.

"Менің ұстанымымда адам 20-30 жыл отыр, сондықтан алып тастайық деген принцип жоқ. Кәсіби деңгейі жоғары маман болатын болса, өз саласында таза жұмыс істейтін бола, бекерден-бекер қызметтен алып тастауға болмайды.
Қызмет деген жайсыз сөз бар. Ондай емес, онымен келіспеймін. Қызмет - адамның өмірінің нәтижесі. Абырой, жан-жағындағы халықтың алдындағы өзінің деңгейі. Сондықтан тектен-тек жасы кеп қалды немесе көп отырсын деп жұмыстан алып тастау деген менде жоқ", - деді облыс әкімі.

Айта кетейік, аймақ басшысының сөзінше, облыста бірінші кезекте халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарту мақсатында ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар жүзеге асқан.

Солардың бірі - көпбалалы аналарға берілетін атаулы әлеуметтік көмек екендігі айтылды.

Жыл басынан бері 103464 астам отбасы атаулы көмек алу мақсатында өтініш білдіріп, соның 65946-ына көмек берілген.

Жыл соңына дейін 1032 көпбалалы отбасы баспаналы болатыны хабарланды.

Сіздің реакцияңыз
6
2
0
3
10
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel