Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Суға батып бара жатқан ер азаматты полиция қызметкері аман алып қалды

Опубликовано:

Түркістан облысы Шардара ауданындағы Сырдария өзеніне егде жастағы ер адам суға батып кете жаздады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі: Instagram

Оқиға 15 маусым күні сағат кешкі 19.00 шамасында орын алған.

Өзен жағасын бақылап жүрген тәртіп сақшылары ер адамды өлім аузынан аман алып қалды.

Шардара АПБ-нің жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналды полиция тобының инспекторы, полиция капитаны Шаукат Ибадуллаев әріптесі Айдана Наханшақызымен бірге өзен маңын рейдтік іс шара аясында торуылдап келе жатып, кенет суға батып бара жатқан адамның дауысын естиді.

Екеуі судың ішінде көмекке шақырып, батып бара жатқан егде тартқан ер азаматты көреді.

Әп-сәтте тәуекелге бел буған Шаукат бірден суға сүңгіп кетеді. Шапшаңдық танытып бар күш-жігерін жинап, тезірек ер азаматты судан аман алып қалу үшін жүзе жөнеледі.

Ақырында иығына салып, дәрменсіз азаматты жағаға алып шығады.

Жағада тұрған әріптесі Айдана Наханшақызымен бірге құрғақ киіммен орап, алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Содан соң уақыт жоғалтпай әлгі ер азаматты өз көліктеріне салып алып емханаға қарай алып барған.

 Қазіргі уақытта егде жастағы ер адам ауруханада ем қабылдап жатыр.

Ол өзін құтқарып қалған тәртіп сақшыларына алғысын білдірді.

Фото: Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі: Instagram
"Егде ер адамды ажалдан арашалап қалған Шаукат Ибадуллаев ішкі істер органы қатарында 2005 жылдан бастап қызмет істеп келе жатқан тәжірибелі маман. Өзі сегіз қырлы бір сырлы өнерлі жігіт. Облыстық жарыстарда, байқауларда бақ сынап жүрген талантты өнерпаз, тәжірибесі толысқан тәртіп сақшысы. Батыр полицей отбасылы, үш қыз бір баланы бағып өсіріп отырған бақытты әке,"-деді Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сырдария өзеніне суға кете жаздаған адамды құтқарып қалған полиция қызметкері өз ісін ерлік деп санамайтынын атап өтті. 

"Бұл ешқандай да ерлік емес, санаулы уақытта тез-тез өткен оқиға болды. Не болғанын өзім де түсінбей қалдым. Суға батып бара жатқан әлгі адамды көре салысымен бірден суға сүңгіп, бар ойым тек сол азаматты құтқару, аман алып қалу болды. Полицей ретінде айтарым, суға түсерде әрбір азамат қауіпсіздік шараларын ескеріп, абай болса екен" деді тәртіп сақшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1800350-suga-batyp-bara-zatkan-er-azamatty-policia-kyzmetkeri-aman-alyp-kaldy/

pixel