RU
Түркістан облысындағы инкассаторлардың өліміне қатысты жаңа дерек шықты
Жаңалықтар Қоғам

Түркістан облысындағы инкассаторлардың өліміне қатысты жаңа дерек шықты

Рассказать Вконтакте

Арыс аудандық соты 7 маусымда екі инкассаторды өлтірген күдіктіге екі ай мерзімге күзетпен ұстау туралы бұлтартпау шарасын қабылдады деп хабарлайды yujanka.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: "Алматы" телеарнасы

Фото: "Алматы" телеарнасы

Арыс аудандық сотының дерегіне сәйкес, қамауға алынған күдіктінің жасы 38-де, бес баласы бар. Ол 2007 жылдан бері марқұмдармен бірге "Қазпоштада" жұмыс істеген.

Басылымның жазуынша, күдікті бұл қылмысқа екі банктегі несиесі мен басқа қарыздарын жабу үшін барғанын айтқан.

Еңбек демалысында жатқан азамат әріптестері ақша апара жатқанын естіп, әдейі олардың жолында кезіккен. Өзін апарып тастауды өтініп, қанды әрекетке барған.

Марқұмдардың бірі 53 жаста болса, екіншісі 28-де. Олардың артында балалары қалды. Түркістан облыстық Полиция департаменті тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Сіздің реакцияңыз
1
1
3
6
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel