RU
"Шудың бойында": Танымал әннің ырғағымен бет ашқан жігіт көпшіліктің көңілін көтерді
Жаңалықтар Қоғам

"Шудың бойында": Танымал әннің ырғағымен бет ашқан жігіт көпшіліктің көңілін көтерді

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде белгілі әннің ырғағымен бет ашқан жігіттің видеосы тарап, қызу талқыға түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Бейнеролик Instagarm желісіндеші kazakhvideosy тобында жарияланды.

Кадрдан жаңа түскен келіннің бетін танымал әннің ырғағымен ашып жатқан жігітті, оның өнеріне оң бағасын беріп, қошемет көрсеткен халықты байқауға болады.

Мұны көрген желі оқырмандары "Заманауи беташар", "Халыққа ұнап жатыр, демек бәрі дұрыс", "Дауысы жағымды", "Қандай мақаммен ашса да, келін сәлемін салуда" деген сынды пікірлер қалдырды.

Арасында "Заман не болып барады? "Шудың бойында" деген әнмен де бет ашуға болады екен ғой", "Дәстүрге сай емес", "Салтты бұзуға болмайды", "Жақын уақытта рэп айтып, келіннің бетін ашса, таңғалмаймын" дегендер де болды.

Сіздің реакцияңыз
3
1
3
0
2
17
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel