RU

Түркіменстан президенті өз ұлын аймақ әкімі етіп тағайындады

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов ұлы Сердар Бердімұхамедовті Ахал уәлаяты әкімі қызметіне тағайындады деп хабарлайды Орталық Азия жаңалықтар қызметі.

Фото: Sputnik / Максим Богодвид және kremlin.ru
Фото: Sputnik / Максим Богодвид және kremlin.ru: Facebook

Осыған дейін президенттің 37 жастағы жалғыз ұлы Ахал уәлаяты әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Сердар Бердімұхамедовтің саяси мансабы 2016 жылдың басында басталған. Сол жылы ол парламенттің қосымша сайлауында депутат болып сайланса, оған дейін елдегі бірнеше министрлік пен агенттікте түрлі қызмет атқарған.

Президенттің ұлы осыған дейін Түркіменстан сыртқы істер министрлігінде департамент басшысы, министрдің орынбасары болып та жұмыс істеген.

Тәуелсіз бақылаушылар Сердер Бердімұхамедовті биліктегі әкесінің ықтимал мұрагері деп санап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1800381-trkimenstan-prezidenti-z-lyn-ajmak-kimi-etip-tagajyndady.html