RU
Төреғалидің қарындасы Байбектің қолынан "Алтын белгі" алды (фото)

Төреғалидің қарындасы Байбектің қолынан "Алтын белгі" алды (фото)

Рассказать Вконтакте

Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі биыл мектепті үздік бітіріп, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің қолынан "Алтын белгі" алды. Бұл туралы жас түлек өзінің Instagram парақшасында жазған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Эстрада жұлдызының соңынан ерген қарындасы биыл білім ордасын үздік бағағамен аяқтаған.

"Аллаға шүкір! 11 жылғы еңбегім Аллаxтың қалауымен бүгін ақталды. Мен үшін ең керемет естен кетпес күн! Бүгінгі сезімімді сөзбен айтып жеткізу қиын. Осы күн үшін барымды салдым, ата-анамның шынайы қуанышын көру, мақтануларына себепкер болу мен үшін нағыз бақыт!
Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мырзаның қолынан "Алтын Белгі" алу бұйырды. Ол кісінің сөздерінен көп нәрсені ұқтым, есімде сақтадым. Расымен бүгін жетістіктің дәмін таттым, Аллаға шүкір! Мақсат қойып, армандарыңызды жүзеге асырыңыздар!", - деп жазды ол.

Мұны оқыған желі қолданушылары үлкен өмірге аяқ басқалы жатқан Фаризаны құттықтап, оған тек қана сәттілік тіледі.

Сіздің реакцияңыз
4
1
1
0
6
13
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel