Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ветреный" телехикаясында басты актерлер жайлы қызықты деректер

Опубликовано:

2019 жылдың наурызында ATV телеарнасы жаңа туынды - "Ветреный" деп аталатын түрік телехикаясын көрерменнің назарына ұсынды. Бұл кекшілдіктен пайда болған үлкен махаббатты хикаясы. Жақындарының өлімі үшін кек алмақ болған стамбұлдық жас жігіт жауының қызына үйленеді. Кейіпкер өз ойын іске асыра алар ма екен?

Фото: kino-teka.com
Фото: kino-teka.com: UGC

Хикаяның желісі бойынша жас кәсіпкер Миран Асланбей туған жері Мидиятқа қайта оралады. Белді әулеттің отағасы Шадоглуға жігіт тек іскерлік ұсныс жасап қана қоймай, оған қоса оның немересін де сұрайды.

Насух Миранды келешегі айқын жігіт деп біледі. Алайда ол оның шынайы ойынан хабарсыз болады. Ата-анасының өліміне Шадоғлу әулетін кінәлі деп тапқан Миран Аслабей өшін алғысы келеді. Сол себепті жігіт Рейян есімді сұлу қызға үйленіп, ертесіне аруды тастап кетеді. Бірақ Миран күтпеген жерден бойжеткенге ғашық болып қалады.

Көп бөлімнен тұратын туынды 2019 жылдың 15 наурызында көрерменге жол тартты. "Ветреный" Мардинде түсірілді. Түрік телехикаясының режиссері, сценарист, продюсер және актер Джемаль Шан болды. Ол "Восемь дней Дилбер", "История одной любви", "Побег из тюрьмы" фильмдерінде ойнаған.

"Ветреный" телехикаясы: Актерлық құрам

Хикаяның актерлері өздері сомдаған кейіпкерлердің сезімін көрерменге керемет жеткізе алған.

Акын Акынозю

Акын Акынозю 1990 жылы Анкарада дүниеге келген. Мектепті тәмамдап, математикалық саланы таңдаған жас жігіт актер болатынын көп ұзамай түсінді. Ол ең алғаш рет "Азраил" атты словак хикаясына түсіп, эпизодтық рөлді сомдады.

Сондай-ақ, танымал "Великолепный век. Империя Кесем" телехикаясында кішігірім рөлде ойнады.

2019 жылы жарық көрген "Ветреный" хикаясында жігіт басты рөлді сомдайды. Желі бойынша, оның кейіпкері - Миран Асланбей.

Эбру Шахин

Эбру шахин 1994 жылы Стамбулда туған. Besyo спорт университетінде оқып, актерлік шеберлікпен шұғылданды. Эбру 2015 жылдан бері жарнамалық роликтерде түсе бастайды. Дәл сол сәтте актрисаның болашағы айқындалады.

Ол 2016 жылы "Кровавые деньги" фильміне түсіп, басты рөлді сомдады. Кейінірек Эбруға "Бабам" фильміне шақырту келеді. Ал 2017 жылы актриса "Стамбульская невеста" телехикаясына түсті.

Бүгінгі таңға дейін Эбру "Воин", "Запретное яблоко" телехикаяларына түсіп үлгерген. Ал 2019 жылы жарық көрген "Ветреный" хикаясында Эбру Шодоғлу әулетінің немересі Рейянның рөлін ойнайды.

Илай Эркёк

Илай Эркёк 1993 жылы Стамбулда дүниеге келген. Актриса Стамбұл университеті мемлекеттік консерваториясының театр факультетін бітірген. Ол Англияға аттанып, Шотландияның Корольдік консерваториясында актерлік шеберлікті оқыды. Туған еліне қайта оралғаннан кейін ол Толга Чевиктің көмекшісі болып жұмыс істей бастады.

Жас әрі дарынды актриса 2013 жылы экранға шықты. Ең алғаш "В ожиданий солнца" хикаясында кішігірім рөлде ойнады.

2016 жылы Илай "Любовь моей жизни" фильміне түсті. Ал 2019 жылы жаңа туынды "Ветреный" телехикаясында басты рөлдердің бірін сомдады. Жағымсыз кейіпкерді керемет жеткізе білген жас актриса өзінің қабілеттерін одан әрі айқындауда.

Телехикаяның актерлық құрамында: Гюлчин Сантурджуодлу ("Затаив дыхание"), Серхат Тутумлуер ("Ты моя родина"), Айда Аксель ("Помни меня"), Маджит Сонкан ("Сумасшедшее сердце") және тағы басқа танымал түрік актерлері бар.

"Ветреный" телехикаясына қатысты көрермендердің пікірі

Мелодрамалық хикаяны әлемнің барлық нәзік жандылары көреді. "Ветерный" алғашқы бөлімдерінен-ақ көрерменнің жүрегіне жол тапты. Шынайы сезім, жауапсыз махаббат, қайғылы жағдайлар - осының бәрі телехикаяның рейтингін көтеруге септігін тигізген.

Көрермендер актерлердің шеберлігін, хикая желісінің ерекшелігін, талғаммен таңдалған музыкалық композицияны да атап өтеді.

Көрермендердің пікірінше, Mia компаниясы өте әсерлі мелодрама түсірген. Телехикая өшпенділіктен туындататын махаббат оқиғасын жырлайды. Сюжет күшті сезімнің барлық кедергілерді еңсеріп, ең қатты жүректің өзін жібітуге қабілетті екенін көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1800399-vetrenyj-telehikaasyny-zelisi-men-akterleri/

pixel