RU
Павлодар облысында полицей жанып жатқан үйге кіріп, ер адамды құтқарып қалды

Павлодар облысында полицей жанып жатқан үйге кіріп, ер адамды құтқарып қалды

Рассказать Вконтакте

Павлодар облысында учаскелік полиция инспекторы адам өмірін құтқарып қалды. Ол 49 жастағы азаматты отқа оранған үйден қауіпсіз жерге шығарған деп хабарлайды "Хабар 24".

Фото: Видеодан кадр/ Хабар 24

Фото: Видеодан кадр/ Хабар 24

Оқиға 2019 жылдың 25 мамырында Успен ауданындағы Галицкое ауылында орын алған.

Үйдің иесі Оксана Сеник өрт шыққан сәтте қонақта болған. Түтінді сезген тоғыз жасар ұлы тез арада қарындастарын оятып далаға шығарып, көмек сұрамақ болады. Сол кезде олардың алдынан учаскелік полиция инспекторы Ержан Бексолтанов алдынан шыққан.

Оксананың айтуынша, ол үйге тез арада жеткен. Алайда, әуреге түскен олар көрші үйде 49 жастағы азаматтың ұйықтап жатқанын ұмытып кеткен екен. Осы мезетте өміріне қауіп төнгеніне қарамастан Ержан Бексолтанов жалғыз басты ер адамды құтқаруға кіріседі.

Ауылдастары Оксана Сениктің үйінде қатар тұрған екі газ баллонның бірі көп ұзамай жарылатынын білсе де, қауіп-қатерге қарамай оттың ортасына кіріп кеткен учаскелік полицейге разы.

"Газ баллон жарылса да біреудің өмірін алып кетуші еді ғой. Соны ойлап, тез арада кірдім, алып шықтым. Құтқардым өмірін. Ондай кезде ойланып тұрмайсың. Уақыт жоқ ойланатын", - деді Бексолтанов.

Құқық қорғау саласында қызмет еткеніне 10 жылға жуықтаған азамат әрекетін ерлік емес, қызметтік міндет деп санайды.

"Менің айтар алғысым шексіз. Бізге келгелі ауылымыздың өмірі жақсара түсті. Тәртіп орнады. Білімді азамат, өз ісін жетік біледі. Өмір болған соң түрлі жағдайлар болып жатады. Елгезек, бәріне үлгереді", - дейді Оксана Сеник.

Басшылары Ержан Бексолтановты өзге әріптестеріне үлгі етіп отыр. Аудандық полиция бөлімінің басшылығы қызметкерін қандай да бір марапатқа ұсыну жағын қарастыруда.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel