RU
Алматылық "Қайрат" еуропалық үздік клубтар рейтингінде көш бастады

Алматылық "Қайрат" еуропалық үздік клубтар рейтингінде көш бастады

Рассказать Вконтакте

Шағын футболдан еуро кубоктік маусымның қорытындысы бойынша "Қайрат" кәрі құрлықтың үздік клубтары арасындағы рейтингте көш бастады. Бұл туралы алматылық команданың ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фото: afckairat.kz

Фото: afckairat.kz

Алматылық клуб ұзақ уақыт рейтингте орнын сақтап тұрған испаниялық "Интерді" артқа қалдырды.

Бұл өзгеріс Чемпиондар лигасының финалдық кезеңіндегі мадридтік ұжымның сәтсіз өнер көрсетуіне тікелей байланысты болды.

Алматыда өткен ақтық мәреде "Интер" екі ойын қатарынан ұтылса, "Қайрат" Чемпиондар лигасының күміс жүлдесіне қол жеткізді.

Рейтингтің үшінші сатысында осы маусымда кәрі құрлықта қарсылас шақ келтірмей, финалда оңтүстік астаналық ұжымды ұтқан португалиялық "Спортинг" тұр.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
2
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel