RU
Франциялық дәрігерлер кофенің пайдасын анықтап берді
Жаңалықтар Калейдоскоп

Франциялық дәрігерлер кофенің пайдасын анықтап берді

Рассказать Вконтакте

Франциялық дәрігерлер сирек кездесетін генетикалық сырқат белгілері кофенің көмегімен біршама азаятынын анықтады деп хабарлайды Риа Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: РИА Новости/Павел Лисицын

Фото: РИА Новости/Павел Лисицын

Шетелдік БАҚ-тың мәліметінше, 11 жастағы бала бұлшықет жұмысын бұзатын дертке шалдыққан.

ADCY5 геніндегі ауытқуларға байланысты дискинезия кезінде оның қол-аяғы және бет бұлшықеттері еріксіз қимылдай бастағаны айтылды.

Дәрігерлер бұндай сырқат миллион адамның біреуінде ғана кездесетінін жеткізді.

Олар дерттен толықтай жазылу мүмкін емес екенін атап өтті.

Алайда оның ата-анасы балада жиі болатын талманың алдын алуға кофе көмектеседі деп сенді.

Дәрігерлердің сөзінше, бұл болжам расталған.

Бір күні әдеттегі кофенің орнына баланың ата-анасы қателесіп, кофеинсіз эспрессо капсулаларын алып қойған.

Оның құрамында кофеин болмағандықтан, бірден баланың талмасы ұстады.

Төрт күн қатарынан бұлшықеті құрысып, мазасын алған.

Тек осыдан кейін ғана дәрігерлер қателіктерін түсініп, бұл сырқат кезінде кофе көмектесетінін анықтаған. 

Бұған дейін де бұлшықет құрысуы кезінде кофе көмектесетіні туралы айтылған болатын.

Бірақ бұл сырқаттың сирек кездесетіні соншалық, дәл осындай болжамды тәжірибе жүзінде дәлелдеу мүмкін болмаған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel