RU
50 жастағы әйел күйеуінің көңілін табу үшін төсін үлкейтуге 12 млн жұмсаған
Жаңалықтар Калейдоскоп

50 жастағы әйел күйеуінің көңілін табу үшін төсін үлкейтуге 12 млн жұмсаған

Рассказать Вконтакте

Джейни Бирн өзінің кемшіліктерін бетіне басып, балағат сөздерін жаудыратын күйеуінің көңілінен шығу үшін кеудесін 6 рет үлкейтуге тырысқан. Алайда 6 рет пышақ астына жатып, 28 мың фунт қаржы жұмсаған 50 жастағы әйелдің отасы үнемі сәтсіз аяқталған деп хабарлайды woman.rambler.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

2005 жылы күйеуі Джейнидің кеудесінің кішкентай болғаны үшін ер адамға көбірек ұқсайтынын айтқан.

"Маған ешқашан өзімнің кеудем ұнаған емес, сол үшін қорқынышты ұмытып, пышақтың астына жатуға бел будым. Бойым ұзын әрі дене бітімім шымыр. Мен әрдайым тартымды болғым келді", - дейді ол.

Алайда келіншек үшін оталар сәтсіздікпен аяқталып жүрген.

Кейде дәрігерлер елеулі қателіктер жібергендіктен, Бирн қолдарын қозғалта алмай да қалыпты. Ал енді бірде кеудесі ауырсынып, шыдатпаған.

2012 жылы әйел адам кеудесіндегі импланттың улы екенін анықтайды. Оның құрамына кіретін кремний медициналық мақсатта қолданылмауы керек екен.

Осылайша бүгінгі таңға дейін ерлі-зайыптылар барлық отаға 26 мың фунт, яғни, 12 миллионнан астам теңге жұмсаған.

Джейннің сөзінше, оның жұбайы Дейв әйелінің кезекті отасы үшін көлігін 4 мың фунтқа сатыпты.

"Мен ешқашан үлкен кеудені армандаған емеспін. Алайда Дейвтің пікірі мені ота жасатуға итермеледі. Енді жарақаттарым көп, өз-өзіме қарай алмаймын. Бұрынғы қалпыма қайта оралғым келеді", - деп ағынан жарылды Джейни Бирн.

Әйел адам күйеуіне кінә тақпайтынын айтты. Қазіргі уақытта ол соңғы отаға дайындалып жүр.

Джейнидің ойынша, осы отаның нәтижесінде ол кеудесін үлкейтіп, бойындағы кемшіліктерінен арылады.

Сіздің реакцияңыз
7
0
3
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel