Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында полиция бөлімі бастығының орынбасары пара беру кезінде​ ұсталды

Опубликовано:

Түркістан облысы Мақтарал аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары пара беру кезінде​ ұсталды. Бұл ақпаратты Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: bnews.kz
Фото: bnews.kz: UGC

Құрықталған ішкі істер қызметкеріне қол хат арқылы бұлтартпау шарасы туралы санкция берілген.

"Түркістан облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы және​ ҰҚҚД​ қызметкерлерімен арнайы іс-шаралар жүргізу барысында пара беру үстінде Мақтарал АПБ бастығының орынбасары ұсталды.
Қазіргі кезде Түркістан облысы​ бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті сотқа дейінгі тергеу амалдарын​ жүргізуде.
Ал Түркістан облыстық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы осы жайтқа байланысты қызметтік тергеу амалдарын жалғастырып жатыр", - деп хабарлады Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1800444-trkistan-oblysynda-audandyk-policia-blimi-bastygyny-orynbasary-paramen-staldy/

pixel