RU
Дәленов: Бес-алты жылдан кейін неке қию бойынша шыңға көтерілеміз
Жаңалықтар Саясат және экономика

Дәленов: Бес-алты жылдан кейін неке қию бойынша шыңға көтерілеміз

Рассказать Вконтакте

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов халыққа есеп беру кездесуінде Қазақстанда неке саны азаюның себебі мен бұл жағдайдың ел экономикасына қаншалықты байланысты екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Хабар 24

Фото: Хабар 24

"Соңғы тенденциялар жастар арасындағы некенің азайғанын көрсетеді. Тіпті, менің достарымның арасында тұрмысқа шыққандар және үйленгендер аз. Бұл ел экономиксымен байланысты ма?", - деп сұрады астаналық Наурыз есімді жігіт.

Ұлттық экономика министрлігіне аса қатысы жоқ бұл сұрақты залдағылар да, министр де күткен жоқ.

"Менің ойым: Экономикамен барлығы байланысты. БАҚ адамдардың ажырасуы көбейгеніне көп назар аударған соң статистиканы қарап шықтым. Жыл сайын 140 мың адам үйленіп, 55 мыңы ажырасуға өтініш білдіреді екен.
Біздің ойымызша, бұл дәл 90-жылдардағы демографиямен байланысты. 90- жылдарда туғандар неке қиятын жасқа келді- олардың саны аз. Барлық құлдырау осыған байланысты", - деді Дәленов.

Қазіргі уақытта елде жылына ең көп қазан айында -13500, ал ең аз ақпан айында -8500 неке қиылады екен.

Алайда, жақын арада Қазақстанда тұрмысқа шығу мен үйленудің дүмпуі басталатын көрінеді.

"Біз бұл сұрақты қарастырдық. 2000-жылдары болған бала туудың дүмпуі қайда деп ойладық.
Болжамдарды қарадық. Енді бес-алты жылдан соң біз неке қию бойынша шыңға көтерілеміз. 2025 жылы неке саны 150 мыңнан асатын болады", -деді министр.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
5
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel