RU

Жамбыл облысында аурухананың бас дәрігері пара алды деп күдіктелуде

Ұлттық бюроның Жамбыл облыстық департаменті облыстағы аудандық аурухананың бас дәрігерінің пара алғанын анықтады деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. 

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original
Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, аудандық аурухананың бас дәрігері жекеменшік компанияның өкілінен 800 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.

Қаржыны балалар тағамын мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша орындалған жұмыстар актілеріне қол қою үшін бизнесмен берген болуы мүмкін

Тергеу барысында күдікті қамауда болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1800465-zambyl-oblysynda-auruhanany-bas-drigeri-para-aldy-dep-kdiktelude.html