RU
Жанар Дұғалованың ең үздік әндері мен бейнебаяндары

Жанар Дұғалованың ең үздік әндері мен бейнебаяндары

Рассказать Вконтакте

"Кешьюдің" экс әншісі Жанар Дұғалованы елімізде танымайтын адам кемде-кем. Ал өнер иесінің көпшілікке ұсынған бейнебаяндары ішіндегі ең танымалы қайсысы?

Әнші алты жасынан бастап, түрлі ән байқауларында бағын сынап, түрлі фильмдерге де түсіп көрген.

Өнер иесінің ең үздік шығармаларын назарларыңызға ұсынамыз.

Таңданба

Әншінің топтан кетіп, жарыққа шығарған ең алғашқы бейнебаяны. 2011 жылғы клип желісі бойынша, әнші қонақ үйде белгісіз азаматты күтеді.

Алайда ер адам бойжеткенді іздеп келмейді.

Сен емес

Өнер иесі 2012 жылы "Сен емес" атты клипті жарыққа шығарды.

Сүйгені үшін дәрі ішіп, өз-өзіне қол жұмсайтын ару жайлы бейнебаян көрермендерді бей-жай қалдырмаған.

Кім үшін

Дұғалованың 2013 жылы көпшілікке ұсынған бұл туындысы энергияға толы. Әнші клип бойы би билеп, суретке түседі.

Бір сұрақ

Әншінің 2013 жылы жарыққа шығарған тағы бір клипі "Бір сұрақ" деп аталады. Бейнебаянда әнші алғашқы махаббаттың қыз жүрегіне қалай әсер ететінін бейнелейді. Клип кейіпкерлері арада бірнеше жыл өткенде қайта кездескенімен, өткенге қайта орала алмайтындарын түсінеді.

Ізін көрем

Әнші осы туындысы арқылы "Түрквижн - 2014" байқауында жеңіске жетті.

Сен мені түсінбедің

Бұл туындыны Жанар Дұғалова Қайрат Нұртаспен бірге орындаған.

Бейнебаянда ғашықтардың рөлін ойнайтын қос әнші клип соңында сахнаға бірге шығады.

Айта берсін

Әнші осы клипі арқылы жұрттың сөзін елең қылмастан, алға қадам басу керектігін айтқысы келген.

Мұның дұрыс болмады

Жанар Дұғалова көпшіліктің көңілінен шыққан бұл әнді Нұржан Керменбаевпен бірге орындайды.

Ала кетпедің

Жанар Дұғалова 2017 жылы "Ала кетпедің" әніне бейнебаян түсіреді. Ал клипте басты рөлді Тәуекел Мүсілім алып шыққан.

Сүйем - Жек көрем

Әнші 2018 жылы кезекті клипін тағы да Тәуекел Мүсіліммен түсірген.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel