Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда тыр жалаңаш күйде көше кезген зейнеткер елді дүрліктірді

Опубликовано:

Петропавл көшелерінде тыр жалаңаш күйде серуендеп жүрген егде жастағы әйел жұрт назарын өзіне аудартты. Үстінде киімі жоқ зейнеткердің видеосы бірден әлеуметтік желілерге тарап кеткен деп жазады pkzsk.info сайтына сілтеем жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: pkzsk.info
Фото: pkzsk.info: Getty Images

Анықталғандай, әйел адам "Сверный" дүкенінің маңындағы көшенің бойымен тыр жалаңаш күйде жүріп өткен.

Артынша қала тұрғынын полиция қызметкерлері көлігіне салып алып кеткен.

СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі азаматшаның бірден полицияның бірінші бөлімшесіне жеткізілгенін хабарлады.

"Тексеріс нәтижесінде 1948 жылы туған зейнеткер белгілі бір ауруына байланысты арнайы есепте тұрғаны анықталды. Қазіргі таңда ол медициналық мекемеге орналастырылды" , - деді полицияның баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1800488-petropavlda-tyr-zalaas-kjde-kse-kezgen-zejnetker-eldi-drliktirdi/

pixel