RU
Дәленов қазақстандықтардың ет бағасына көңілі толмайтынын жеткізді
Жаңалықтар Саясат және экономика

Дәленов қазақстандықтардың ет бағасына көңілі толмайтынын жеткізді

Рассказать Вконтакте

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов базарларды азық-түлік бағаларын қадағалау мақсатында аралап жүргенін жеткізді. Ол қазақстандықтардың ет бағасына наразы екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Руслан Дәленов. Фото: inbusiness.kz

Руслан Дәленов. Фото: inbusiness.kz

Ұлттық экономика министрлігі азық-түліктің ақтық бағасын орнату жұмысын әкімдіктермен бірге іске асырады.

"Біз азаматтардан базарлардағы баға келісімі жөнінде шағымдарды әлі де қабылдап жатырмыз.

Соңғы кезде шағымдардың көпшілігі ет бағасына қатысты болып тұр. Ет бойынша біз арнайы анализ жүргізетін боламыз.

  • Біріншіден, ет балансын, өндірісін, экспорты мен импортын түсіну үшін тоқсандық мәліметтерді күтпекпіз.
  • Екіншіден, монополияға қарсы орган ет бағасына сараптама жұмыстарын іске асырды.
Оның арқасында кейін тексеруге шығып, баға келісімін орнататын боламыз" , - деді Дәленов.

Оған қоса, министр азық-түлік бағасы үздіксіз бақылауда екенін жеткізді.

"Мүмкін көп көрсетіп жүрген жоқ шығармын. Бірақ, бұл бағытта мен де, комитет те, министрлік қызметкерлері де жұмыс істеп жатырмыз" , - деді ол.

Сіздің реакцияңыз
5
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel