RU
Ресейлік бойжеткен шектен тыс сұлулығы үшін жұмысқа тұра алмай жүр
Жаңалықтар Калейдоскоп

Ресейлік бойжеткен шектен тыс сұлулығы үшін жұмысқа тұра алмай жүр

Рассказать Вконтакте

Лондонда тұратын ресейлік ару Ирина Котова мамандық бойынша жұмыс таба алмай жүр. Бойжеткеннің сөзінше, оның шектен тыс сұлулығы жұмыс берушілерді алаңдатады екен деп хабарлайды woman.rambler.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Иринаның бүгінгі таңдағы басты мәселесі - жұмыс табу. Алайда бойжеткеннің айтуынша, оның сұлулығы бұған кедергі болып жүр екен.

"Ер азаматтар маған шынайы қарамайды", - дейді ару.

Бойжеткен өзінен сұлулығы жағынан артта қалып қоятын қызметтестерімен бәсекелес болмау үшін, тіпті, көзілдірік кие бастаған. Сондай-ақ, ол мүлде боянбай, биік өкшелі аяқ киімдер кимейді екен.

"Шашымды қанық түске бояу туралы кеңестер алдым. Әйел адамадар маған сенбейді, ал ер адамдар мені маман ретінде қабылдай алмайды", - деп ашынды Ирина.

Сіздің реакцияңыз
6
3
5
2
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel