RU
Мұрат Құсайыновтың үстінен не үшін қылмыстық іс қозғалды?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Мұрат Құсайыновтың үстінен не үшін қылмыстық іс қозғалды?

Рассказать Вконтакте

Осыдан біраз уақыт бұрын "Дос-Мұқасан" солисі Мұрат Құсайыновқа қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын. Қазіргі уақытта аталмыш іс сотқа өткізілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Полиция департаменті zakon.kz сайтының сауалына жауап беріп, неліктен Мұрат Құсайыновқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлім еткен.

Нұр-Сұлтан-Алматы бағытындағы ұшаққа отырған ол "Эйр Астана" қызметкерлерімен сөзге келіп қалған. Әуе кемесі қызметкерлерінің бірі әншінің өзіне қол көтергенін айтқан.

Ал музыканттың өзі барлық айыптауларды жоққа шығарып, аяқ киім шешуді талап еткені үшін қызға ұрысып тастағанын алға тартқан болатын.

Бұл жолы танымал топ әншісі билік өкіліне тіл тигізгені үшін айыпталуда.

Көліктегі полициясы басқармасының мәліметінше, ұсақ бұзақылық фактісі бойынша сот ісін жүргізу шеңберінде Мұрат Құсайыновтың полиция қызметкеріне тіл тигізгені анықталған.

"2019 жылдың 14 сәуірі күні Нұр-Сұлтан әуежайының ғимаратында "Нұр-Сұлтан-Алматы" хабарламасында борттық бұзақылыққа негізделген қылмыстық кодекстің 293-бабының 2-тармағы бойынша алдын-ала тергеудің біріңғай тізілімі, тергеу және нақтылау кезінде Мұрат Құсайынов өз міндеттерін орындайтын әуежайдағы полиция бөлімі полициясының ар-намысы мен қадір-қасиетіне тіл тигізген.
Осы факті бойынша 14 сәуірде қылмыстық кодексінің 378-бабы негізінде алдын ала тергеу басталды. 31 мамырда тергеу аяқталды", - деп хабарлады полиция.

Естеріңізге сала кетейік, "Дос-Мұқасан" әншісі Мұрат Құсайыновтың үстінен қылмыстық іс қозғалғаны жайлы күні кеше белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз
7
1
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel