RU
"МузАрттың арқасы": Әбдірайымов "Жігіттердің" құрылуы туралы шындықты айтты

"МузАрттың арқасы": Әбдірайымов "Жігіттердің" құрылуы туралы шындықты айтты

Рассказать Вконтакте

Бағлан Әбдірайымов "Жігіттер" квартетінің құрылуына қатысты бар шындықты ашты. Ол танымал топтың өнерге қадам басуына кімнің септігі тигенін жасырмады. Бұл туралы әнші Instagram парақшасында айтып берген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Эстрада жұлдызы өзі өнер көрсететін ұжымның құрылуына "МузАрт" тобы үлкен үлес қосқанын ашып айтты. Ол Мейрамбек Бесбаев пен Мақсат Базарбаймен болған кездейсоқ кездесу туралы естелігімен бөлісті.

Бағлан Әбдірайымовтың айтуынша, дәл сол кездесу "Жігіттер" квартетінің тағдырына тікелей әсер еткен.

"Ортаға өнеріңмен емес мінезіңмен сиясың! Естелік. "Жігіттер" болып, Алматыға жаңа қоныс аударып, алғашқы ән сапарымызда Мейрамбек, Мақсат ағаларымызбен сапарлас болып едік. Алматы - Шымкент бағыты жүретін "Отырар" поезді. Екі ортаны автобуспен жүріп жүрген біз үшін "бизнес класс" болып саналды сол кезде.

Бір купеде таңға дейін аузымыз ашылып ағамыздың әңгімесін тыңдап, кезек-кезек төртеуміз "мен мықты айтам дегендей" ән айтып жол қысқарттық. "Ерке қыз" әнін қосылып та орындадық. Сонда Мейрамбек ағамыздың айтқаны есімде: -"Керемет жігіттер, жолдарың болсын! Сендер Музартты басып озасыңдар" - дегенде, сасқалақтап: "жоқ аға, қайдан?" - деп таңырқап қалдық. "Озасыңдар, тек бойдақтықтарыңмен" - деп жымиып күлді.

Уақыт өтіп ел арасында жүріп, "Музарт" тобымен теңсіңдер, "оздыңдар", Қазақстанда екі топ бар олар сендерсіңдер" - деген жылы сөзді көп естіп жүрдік! Төртеуміз де отбасылы болған соң, "оздыңдар" - деген сөзді естуді қойдық. Естімей жүргеніміз де жақсы еді. Өйткені, "Жігіттер" тобының құрылуына "Музарт" тобының үлесі зор. Содан соң, қалған екі теңеуге мәз болып келеміз. Айтпағым: ағамыз тек әнімен емес даналығымен сөз тапқырлығымен адамгершілігімен ерекше! Аман жүріңіз, аға" , - деп жазды әнші.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel