RU
Алматы облысында әйел адамды зорлады деп күдіктелген азамат тұтқындалды
Жаңалықтар Қоғам

Алматы облысында әйел адамды зорлады деп күдіктелген азамат тұтқындалды

Рассказать Вконтакте

Алматы облысының полицейлері әйел адамды зорлады деп күдіктеліп, іздеуде болған 31 жастағы азаматты тұтқындады. Ұсталған ер адам бірден уақытша тергеу изоляторына тоғытылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: 24tv.ua

Көрнекі сурет: 24tv.ua

Тұтқындалған азамат 35 жастағы келіншекті зорлады деп күдіктелуде. Әйел адам Сарқанд қаласының тұрғыны болып шыққан.

Ол зорлық әрекеттерден кейін бірден полицияға арыз жазған. Тергеу уақытына күдіктіге ешқайда кетпеу қолхатын беру ретінде бұлтартпау шарасы тағайындалған.

Алайда, 2018 жылдың желтоқсанында ер адам қашып кетті. Сарқанд аудандық тәртіп сақшылары жақында күдіктінің қайда болғанын анықтаған. Ер адам кең далада жасырынған.

31 жастағы азамат тұтқындалып, тергеу материалдары сотқа берілді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel