RU
Үш млн және жылқы: Ақмола облысында аудан әкімі мен оның орынбасарлары сотталды

Үш млн және жылқы: Ақмола облысында аудан әкімі мен оның орынбасарлары сотталды

Рассказать Вконтакте

Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Зеренді ауданының әкімі Мұстафин М. мен оның орынбасарлары Жақыпов К. пен Мұқашев Э-ге қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмысын аяқтаған болатын. Бұл туралы құзырлы органның баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: NUR.KZ

Көрнекі сурет: NUR.KZ

Лауазымды орында болған шенеуніктер жеке компания директорларынан үш млн теңге, екі жылқы мен 1,5 млн теңге тұратын үш ірі қара мал алған. Өз кезегінде олар жерді жалға беру мерзімін арттырып, дәнді-дақылдарды оларға тиесілі емес жерге салуға шара қолданбау керек болған.

Осы жылдың 19 маусым күні Зеренді аудандық соты Мұстафинді үш жылға, Мұқашевты бір жыл алты айға бас бостандығынан айырды. Ал Жақыповқа төрт миллион теңге көлемінде айыппұл салынған.

Сотталғандар өмір бойына мемлекеттік пен жергілікті өзін-өзі басқару қызметімен айналысу құқығынан айырылды.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel